Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова: «Медицина мамандарының статусы басты назарда болуы тиіс»

795

0

«Мемлекет басшысы медицина слаасы мамандарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыруды тапсырған болатын. Бұл тапсырма іс-жүзінде жеделдік пен жетілдіруді қажет етіп отыр. Соңғы депутаттық сауалымда мен осы жайлы егжей-тегжей мәселе көтердім .Мысалы, коронавирус пандемиясы басталғалы, 2020 жылдың наурыз айы мен 2021 жылдың мамыр айына дейін медицина мамандарына үстемақы ретінде 205 миллиард теңге бөлінді.

Үстемақы төлеу Президент тапсырмасымен 1 қазанға дейін ұзартылды да, әрі қарай жаңа тиімді қолдау шаралары басталуы қажет еді. Алайда, шешілмеген мәселелер әлі де бар екенін көріп отырмыз. Қалай десек те, медицина саласы мамандарының статусы басты назарда болуы тиіс. Себебі, соңғы 10 жылда істелініп жатқан жұмыстарға қарамастан саладағы кадр тапшылығы 40%-ға өскен немесе 6 415 адамға жеткен.

Сондықтан салаға маман тартуға барлығымыз мүдделі болуымыз қажет.Қазіргідей вируспен күрес кезінде, жанталасқан дәрігерлердің жұмысы әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан үлкен қолдауды қажет етеді.Бұл мәселе бойынша мен кеше Премьер-министрдің орынбасарымен кездесіп, ортақ мақсат-мүддені тиімді жүзеге асыру жолдарын талқыладық. Бұл бағыттағы жаңалықтармен алдағы уақытта да бөлісіп отырамын», – жеп жазды
Ақмарал Шәріпбайқызы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<