Алты команда бәске түсті

896

0

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен жедел қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті.

Бұл спорттық бәсеке ел Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып, қала мен аудандардан 6 команда қатысты. Олар: «Аппарат», «Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы» (СПСИ), «Оңтүстік», «Солтүстік», «Арнайы прокурорлар» және «Қалалық прокуратура». 

Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстау мақсатындағы спорттық жарыс тартысты өтті. Жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Командалар арасында мықтылары іріктеліп, жүлделі ақтық сайысқа жеткен «Аппарат» пен «Солтүстік» командасы өте тамаша ойын көрсетті. «Аппарат» командасы жеңіске жетіп, үшінші орынды «Қалалық прокуратура» иеленді.

Жеңімпаз командаларды облыс прокуроры Нұрлан Дәуренұлы арнайы сыйлықтармен марапаттап, грамоталар табыстады. Алдағы уақытта да жедел қызметкерлер арасында осындай спорттық бәсекелер өткізіліп тұратын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<