Бүгін шаршы алаңға Шымбергенов бастаған төрт боксшы шығады

650

0

Бүгін бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Express Qazaqastan.

Күндізгі сессияда 54 келідегі Махмұд Сабырхан шотландиялық Мэттью Макхейлмен кездеседі. Жеңгені ширек финалға жолдама алады. Жекпе-жек шамамен 17:30-да басталады.

Кешкі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Алдымен, 60 келідегі Саматәлі Төлтаевю Дуван Морено Зулетамен (Колумбия) жолығады. Жекпе-жек шамамен 22:15-те (Астана уақытымен) басталады.

Өзбек Шахрам Гиясовты жеңген Асланбек Шымбергенов (71 келі) енді Магомед Шахидовпен (Германия) ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Жекпе-жек шамамен 22:45-те басталады.

Сонымен қатар 92 келідегі Айбек Оралбай Өзбекстан қазағы Мадияр Саидрахимовтың әуселесін байқап көрмек. Жекпе-жек шамамен 00:30-да басталады.

exk.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<