Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағына таласады

494

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов толыққанды әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болды – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Сенсация болатын жаңалығымыз бар. Оны барша қазақстандық бокс жанкүйерімен бөлісеміз. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов биыл тарихта қалады. Ол жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша негізгі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның Jekpe-Jek аренасында өтеді.

Бұл бокс кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, еліміздің барша азаматы үшін баға жетпес сыйлық болары хақ. Бұл – Қазақстанның үздік боксшылары жұдырықтасатын әлемдік деңгейдегі бокс кеші. Данияр әлем чемпионы болу үшін негізгі жекпе-жекте бар күшін салады. IBO ресми түрде растады. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады, ресми мәлімдеме жасаймыз», – деді Зия Әлиев.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда үлкен бокс кеші өтеді. Елеусінов кәсіпқой бокстағы қазақстандық бесінші әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұған дейін Геннадий Головкин (қазіргі – IBF, IBO), Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Василий Жиров әлем чемпионы атанған болатын.

TengriNews

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<