Ел абыройын асқақтататын жеңісті күндер көп болатынына сенімдімін

633

0

Қамшыбек ҚОҢҚАБАЕВ – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

Барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын!

Егеменді елде туылып, Тәуелсіздіктің төл құрдасы болғаныма қуанамын. Ең алғаш боксқа келуіме себепші болған жанның бірі – туған ағам еді. Содан бері спорт саласында жүргеніме 16 жыл толды. Осы уақыт аралығында кәсіби бокста шыңдалып, түрлі жекпе-жектерге қатыстым. Жақында «WBA Gold» чемпиондық атақ үшін ауыр салмақта жекпе-жек өткен болатын. Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған еді. Алайда жетінші раунда қарсыласымның жарақатына байланысты жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс бізге бұйырды. Осылайша кәсіби бокста 4-ші жеңісіме қол жеткіздім. Қарсыласым туралы айтатын болсам, Стивен Уорд Ұлыбританиялық кәсіби боксшы. Ол кәсіби бокста 14 рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіліске ұшыраған. Алға қойған жоспарларымның бірі келесі жылы наурыз айында тағы кездесу өткізу ойда бар. Әлі талай елімнің абыройын асқақтатып, жеңісті күндер көп болатынына сенімдімін».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<