Ел біріншілігінде күмістен алқа тақты

717

0

Желтоқсан айының 7-12 күндері аралығында Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің былғары қолғап шебері, 81 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Гүлсая Ержан күміс медальға ие болды.

Гүлсая Ержан жасөспірімдер және жастар арасындағы көптеген жарыстардың жеңімпазы. Бүгінгі таңда ересектер арасындағы жетістіктері де жаман емес.

Чемпионатта жүлдегерлер қатарынан көрінген боксшының бапкері Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев екенін айта кеткен жөн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<