Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» жеңіске жетті

717

0

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы негізгі кездесу Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Шымкенттің «Қыран» командалары арасында өтті.

Командалар турнир кестесінде көш басында келеді. Екеуінің де алдағы жылы Премьер-лигаға жолдама алуына мүмкіндігі бар. Сондықтан, жанкүйерлер ойынның тартысты өтетініне алдын ала жорамал жасаған еді.

Ойын тартысты өрбіді. Нәтижесінде «Қайсар» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, бүгін турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер-Болатын» 4:0 есебімен жеңді.

Ал, Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Павлодар облысының «Екібастұз» командасынан 5:0 есебімен басым түсті.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

«Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) – «Байқоңыр» (Қызылорда) – 4:0

«Игілік» (Жамбыл облысы) – «Астана жастар» (Нұр-Сұлтан) – 3:3

«Яссы» (Түркістан) – «Тараз-Қаратау» (Жамбыл облысы) – 3:2

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) – «Қайрат-Жастар» (Алматы) – 0:5

Алдағы 20-тур ойындары 16-17 қыркүйек күндері өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<