Футболдан Қазақстан құрамасы француздардан оңбай ұтылды

842

0

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін антирекордпен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңнің 8-турында қазақстандықтар әлем чемпионы Францияға қонаққа барған. Бұл ойында Талғат Байсуфинов жас футболшыларға иек артты. Ал француздар алаңға негізгі құрамын шығарды. 

Нәтижесінде алаң иелері үзіліске дейін жауапсыз үш гол соғып тастады. Үш голды да Килиан Мбаппе соқты. Ол алдымен 6, кейін 12-минутта көзге түсті, ал 32-минутта хет-трик авторы атанды. 

Екінші таймда да Франция футболшылары қарқынын азайтқан жоқ. 55 және 59-минуттарда Карим Бензема есепті ұлғайтты. 

Кездесудің 75-минутта Адриен Рабьо командасының алтыншы голын салды. 84-минутта Антуан Гризманн пенальтиден гол салып, есепті 7:0 қылды. 

Бірақ матч мұнымен біткен жоқ. 87-минутта Мбаппе матч нүктесін қойды – 8:0. 

Қазақстан өз тарихында ресми матчтарда мұндай ірі есеппен жеңіліп көрмеген. Сондықтан 0:8 Қазақстан тарихындағы ең ірі жеңіліс ретінде тіркеліп отыр. 

Осылайша, Қазақстанның ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі жарыс жолы аяқталды. Команда сегіз матчтың үшеуінде тең түсіп, қалған бесеуінде жеңіліп қалды. Байсуфинов шәкірттері D тобында соңғы орын алды. Ал Франция құрамасы топта көш бастап, Катардағы әлем чемпионатына шықты. 

Әлем чемпионаты – 2022. Іріктеу кезеңі. D тобы. 8-тур.

Франция – Қазақстан 8:0 (3:0)

Голдар: Мбаппе 6, 12, 32, 97, Бензема 55, 59, Рабьо 75, Гризманн пен. 84.

Франция: Льорис (Қ, К), Л. Эрнандес (Лангле 79), Юпамекано, Кунде, Т. Эрнандес, Канте (Тчуамени 72), Рабьо, Коман (Павар 79), Бензема (М. Дьяби 72), Гризманн, Мбаппе (Бен-Йеддер 88).

Қазақстан: С. Покатилов (Қ), Тайкенов, Әліп, Марочкин, Ерланов, Быстров (Қайыров 85), Жарынбетов, Қуат, Тапалов (Байтана 68), Өміртаев (Васильев 61), Айымбетов (А. Жақсылықов 61).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<