Головкин Жапонияда өткізетін жекпе-жегіне аттанды

778

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) атақты спортшы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GGG Instagram-дағы парақшасында жолға шыққаны туралы фотосын жариялап, астына «Жақында кездескенше, Жапония!» деген қысқа жазба қалдырды.

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Екі боксшы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<