Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні айтылды

1061

0

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Альварес 168 фунт салмақ санатына оралады. Ол сол салмақта сөзсіз чемпион болады. Қыркүйек айының ортасында, яғни Мексиканың Тәуелсіздік күнінде Головкинмен жекпе-жек өткізіп титулын қорғайды. Жекпе-жек орны әлі белгісіз, бірақ Лас-Вегаста өтуі мүмкін, себебі алғашқы екі жекпе-жек сол жерде өткен болатын», – деп жазады Forbes.

Канело мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді деген болжам бар.

Айта кетейік, Головкин мен Канело алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізіп, нәтижесі тең аяқталған болатын, ал бір жылдан кейін өткен кездесуде мексикалық жеңіске жеткен.

Еске салайық, осыған дейін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізетінін жария еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<