Нұрислам Санаев әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты

480

0

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<