Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

168

0

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз