«Қайсар» кубок ойындарының келесі сатысында

676

0

Кеше Қызылорданың «Қайсары» Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдады.

Ойын барысында «Қайсар» жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде алаң иелерінен Кирилл Сидоренко 39, Руслан Сақалбаев 57-минуттарда мергендік танытты. Осылайша қызылордалық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Енді олар «Байқоңыр» мен «Жас сұңқар» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал 17 сәуірде біріншіліктің алғашқы ойынында «Қайсар» командасын Шымкенттің «Оңтүстік академия» клубымен кездесу күтіп тұр.

«Қайсарға» биыл облыстық бюджеттен 605 млн теңге қаралған. Ол команданың өзіне, екінші лигада сынға түсетін «Қайсар U-21» клубына және футбол орталығына жұмсалады.

Биыл негізінен жергілікті түлектерге үміт артамыз. Атап айтқанда, 23 ойыншының  11-і қызылордалық жастар болса, 5-уі қазақстандық өзге клубтардан келді. Оған қоса командада 2 легионер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 3 футболшы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<