Қамшыбек Қоңқабаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты

1046

0

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мемлекет тарапынан берілген сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсайды.

«Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Хамитұлының қолдауымен Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті. Команда капитаны ретінде ұлттық құрама атынан қандай нәтиже болмасын бізге қолдау көрсетіп жатқан Кеңес Хамитұлына алғысымызды айтқымыз келеді. Осы орайда мемлекет тарапынан берілген 75,000 $ сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсауды жөн көрдім. Алла қаласа үлкен белестерді сіз бен біз болып бағындыратынымызға сенемін» деп жазды жерлесіміз фейсбук парақшасында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<