Қармақшыда бокстан облыстық турнир басталды

736

0

Ауданда Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир басталды.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ауданда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирге Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Қызылорда облысына қарасты аудандардан 16 команда, 200 спортшы қатысуда. Спорттық шараның негізгі мақсаты – Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.

Ерлан Нысанбаев кішкентайынан-ақ жылдам, жайдары мінезді, ақкөңіл, көпшіл жан еді. Ол 2005 жылы №250 мектепте 9 сыныпты бітіріп, әрі қарай Алматы қаласындағы әскери колледжде білімін жетілдірген.2002 жылдан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс үйірмесіне қатысып, аз ғана уақыттың ішінде өзінің жеңіске деген құштарлығымен көзге түсіп, Қызылорда облысының чемпионы атанған.Арал қаласында өткен республикалық турнирде, бірнеше рет аудандық, облыстық турнирлерде жүлдегер атанған. 2004 жылы Ақсу қаласында халықаралық турнирде чемпион атағын иеленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<