Қазақтандық боксшы Гүлсая Ержан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

1104

0

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кеше Гүлсая Ержан алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бүгін Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) алғашқы болып ширек финалға жолдама алды. Оған қоса қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<