Шиелілік әлем чемпионы

933

0

Румынияда өткен ересектер арасында қазақ күресіне қатысушы Төлепов Бекжан Әлімжанұлы туған жеріне оралды. Жерлестері спортшыны Қазақстан темір жолының Шиелі филиалында салтанатты түрде қарсы алды.

Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қазақ күресінен әлем чемпионы Бекжан Төлеповты жеңісімен құттықтап, спорт бәсекесінде ел намысын, Сырдың абыройын биікке көтергеніне алғыс білдірді.

Бекжан Төлепов жерлестеріне ризашылығын білдірді және алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.

***

Бүгін аудан әкімі Нариман Мақұлбеков қазақ күресінен әлем кубогының жеңімпазы Төлеп Бекжанды қабылдады.

Аудан басшысы Румыния мемлекетінде қазақ күресінен өткен әлем кубогының жеңімпазы атануымен Төлеп Бекжанды құттықтап, алғыс хат табыстап, сый-сияпат көрсетті.Қабылдауда, аудан басшысы Н.Мақұлбеков ауданымыздың спорт саласына еңбек етіп, жас спортшылардың биік белестерді бағындыруына үлес қосып, жастарымызды спортқа баулып, салмақты отансүйгіш азамат болып қалыптасып тәрбиеленуіне аянбай қызмет етіп жүрген №9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебінің қазақ күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Б.Төлепке шынайы алғысын білдірді.

Биылғы жылы аудан спортшылары республикалық жарыстармен Қазақстан Республикасының чемпионатында 42 алтын, 32 күміс, 58 қола, әлем біріншілігімен әлем кубоктарында 2 алтын, 1 қола, азия біріншілігінде 1 алтын 1 қола медальдар иеленген. Атап айтсақ, Шиелі ауданында таеквондодан ҚР біріншілігінің жеңімпазы, әлем біріншілгіне қатысушы Қапанова Ботакөз, ауыр атлеткиадан Азия біріншілігінің қола жүлдегері Айзада Мүфтілда, ауыр атлетикадан Әлем және Азия біріншілігінің жеңімпазы Сансызбаева Айсамал халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, екі дүркін азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 85 келі салмақта Сибриков Захар жеңімпаз атанып Тайпейде өтетін азия біріншілігіне қатысатын болады.Қабылдау соңында, аудан әкімі Н.Мақұлбеков Румыния мемлекетінде, қазақ күресінен өткен әлем кубогының жеңімпазы спорт шебері Төлепов Бекжанға алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<