Спорт алаңы салынуда

658

0

Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің арасынан спорт алаңы салынуда.

Бұл жерде балалар үш бірдей спорт түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады. Атап айтар болсақ, олар баскетбол, волейбол және кіші футбол ойындарын ойнай алады.

Қазіргі таңда «Намыс құрылыс» ЖШС-ның құрылысшылары спорт алаңының жұмысын аяқтауға жақын қалды. Жұмысшылар жасанды жасыл төсеніштерін төсеп жатыр.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спорт алаңына арнайы барып, оның құрылысымен танысты.

Мердігер мекеменің жауапты қызметкерлері мен Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бірінші кезекте сапаға мән беру қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<