Спорттық жарыс өтті

1039

0

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ЗК -169/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында спорттық шара өтті. Қызылорда облыстық спорт басқармасымен ЗК-169/4 мекемесінің бірлесе өткізілген шараға 60 сотталған қатысып, жарыс көркін қыздырды.

Сотталған азаматтар арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрінен және кіші футболдан сайысқа түсті.
Сотталғандар арасында өзара команда құрып, арқан тартыстан 4команда, кіші футболға 4команда қатысса, 12 сотталған гір тасын көтеру жарысына қатысты. Шарада командалық есеп бойынша сайыс жеңімпаздарына кубокпен дипломдар табысталды.


«Осы мекемеде 2019жылдан бері жазамды өтеп жатырмын.Мекемеішілік шараларға белсене қатысамын.Бүгінгі спорттық шарада гір тасын 58 рет көтеріп 1орын иелендім. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»- деді сотталған азамат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<