Спорттық жарыс өтті

1421

0

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Осысала қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық  кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «Көңілді старт» спорттық жарысы өтті.

Оған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан командалар қатысты. Спорттық шараныңмақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру, белсенді демалысты ұйымдастыру, спорттық шараларға қатысу белсенділігін арттыру болды. Жарыс көңілді де қызықты өтті. Үзілістерде команда жанкүйерлері әннен шашу шашты.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Достық» командасы, І орынды Мүгедектерге арналған оңалту орталығының «Ақ барыс» командасы, ІІ орынды №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Арыстан» командасы, ІІІ  орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Сұңқар» командасы жеңіп алды, Жеңімпаздарға  дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<