Турнир мәреге жетті

755

0

Қазалыда мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2002-2004 жылы туған жастар арасындағы ХV Халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде балуандар жұбаныш белдесулерін өткізіп, 5 салмақ бойынша ақтық сында күш сынасты. Бозкілемде бағы мен бабы қатар шапқан балуандар жеңіс тұғырына көтеріліп, қошеметке бөленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербай, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Нұрболат Ибраев, турнирдің бас төрешісі Ғабиден Райымбек, ардагер спортшылар Дәстен Айбосынов, Нұрлыбек Есбосынов марапаттады. Сонымен қатар, турнирде көрермен көзайымына айналған балуандарға да арнайы жүлделер табыс етілді.

Байрақты бәсекеде еліміздің 14 өңірінен 200-ге тарта спортшы бақ сынады.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<