UFC Шавкат Рахмонов туралы фильм түсіру үшін Қазақстанға келді

1023

0

UFC ұйымы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіруді ұйғарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Промоушеннің түсіру тобы Рахмонов жаттығып жатқан Алматыға келіп, түсірілімді бастады. Басқа мәлімет әлі белгісіз.

Еске салайық, 26 маусымда Рахмонов америкалық Нил Магниді жеңіп, UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Ол UFC жартылай орта салмақ рейтингінде оныншы орында тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<