Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін

1020

0

Ричард Макларен бастаған тәуелсіз комиссияның тергеуі Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендігін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Boxingscene.com ақпараттық порталы жазды.

Бұған дейін Ресейдегі допинг режимін әшкерелеген канадалық профессор өзінің 149 беттен тұратын баяндамасында 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарының 11 жекпе-жегін тергеген.

Тергелген жекпе-жектер арасында ауыр салмақтағы ресейлік Евгений Тищенко мен қазақстандық Василий Левиттің финалдық кездесуі де бар. Онда Тищенко шаршы алаңда Левиттің соққылары басым болғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша жемқор шенеуніктер мен төрешілер алтынның кімге бұйыратынын алдын-ала ойластырған.

Сондай-ақ, ирландиялық Майкл Конлан мен Ресейдің тағы бір боксшысы Владимир Никитин арасындағы жеңіл салмақтағы ширек финалдық жекпе-жек және 91 келі салмақта британдық Джо Джойсты жеңген француздық Тони Йока да тергеуден өткен.

Баяндамада AIBA халықаралық бокс ассоциациясында сыбайлас жемқорлық фактілерінің көп жылдар бойына қайталанып жатқандығы жазылған. Сонымен қатар Ричард Маклареннің жазбаларында «2012 жылы Лондонда өткен бокс ойындарының турнирінде де сыбайлас жемқорлық бар» деген деректер келтірілген.

«Бұл АИБА-ның пайдасы үшін немесе ұлттық федерациялар мен олардың олимпиадалық комитеттеріне, кейде жарыс ұйымдастырушыларына қаржылық және саяси қолдау көрсету үшін, алғыс айту үшін жасалды. Бүгінгі таңда жүргізілген тергеу мұндай манипуляцияларда кейде алты таңбалы сомалар қолданылған деген қорытындыға келді», делінген баяндамада.

Евгений Тищенконың италиялық Клемент Руссоны жеңуі де сыбайлас жемқорлықпен байланысты болуы мүмкін деген күдік бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<