Волейбол бәсекесі

910

0

Жуырда  ЗК 169/5 түзеу мекемесінің спорт кешенінде волейболдан спорттық сайыс өтті. Оған қалалық пробация қызметі мекемесінен екі команда, бөлімге қарасты «Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіру», «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту» және «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарынан бір-бір командадан қатысып, бақ сынады.

– Мұндай сайыс бұған дейін де өткізіліп келген. Алдағы уақытта да тұрақты ұйымдастырды жоспарлап отырмыз. Президенттің Жарлығымен көптеген жазасын өтеуші азаматтар босатылып жатыр. Соларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор деп есептеймін. Спорттың футбол, шахмат, дойбы түрлерінен сайыс тұрақты ұйымдастырылуда. Бұл жастарды жанашырлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп, азаматтық болмысын қалыптастырады, – дейді қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының директоры Бақыт Нұртазаев.

Жарысқа денешынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері Еркетай Қалдыбаев төрелік етіп, ойынның әділ әрі ашық өтуін қадағалады. Жарысты қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы мамандары мен командалардың жанкүйерлері тамашалады.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы кубок, мадақтама медальдармен марапатталды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<