130 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

713

0

Үстіміздегі жылдың 16-17 желтоқсанында аймақта 130 сәби дүние есігін ашты. Оның ішінде екі жанұяда егіз, бір отбасында үшем дүниеге келді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өмірге келген сәбигелерге Президенттің атынан «Сүйінші» сыйқорабы тапсырылды. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттар, Мемлекет басшысының құттықтау тілегі жазылған ашық хат және «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы салынған.

Аталған сыйды қала және аудан әкімдіктері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалы бірлесе тарту етті. Айта кетейік, егіздерді дүниеге әкелген анаға мемлекеттік корпорация ұжымы қоларба берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<