«Атамекен» ҚР ҰКП съезі 23 қыркүйекте өтеді

443

0

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы Съезд шақыруға шешім қабылдағанын хабарлады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі 2021 жылы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де бейне-конференц байланыс (zoom) пен онлайн дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, онлайн форматта өтеді. Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, қатысушылардың электрон пошталарына алдын ала жолданады.

Қатысушыларды бейне-конференц байланысқа жəне онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 13.00-де басталып, 2021 жылғы  23 қыркүйекте сағат 15.00-де аяқталады. Күн тəртібінде:

1. ҰКП-ның кейбір ішкі құжатына өзгерістер енгізу және оларды бекіту;

2. ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;

3. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту;

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҰКП қызметінің қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті бекіту;

5. Міндетті мүшелік жарналарды төлеудің кейбір мәселесі;

6. Өзге де мəселелер талқыланады. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрон байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-00, 1432

inbusiness.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<