Қызылордада жастар фестивалі өтті

796

0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қала күні қарсаңында «Сыр үміті» жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «GOOD BYE SUMMER FEST» жастар фестивалі өтті. Фестивалді өткізуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы, «Кітап құрттары» клубы атсалысты.
Фестиваль аясында: қала күніне арналған көрме, «Кітап сыйла» акциясы, «Dance Battle» би сайысы, қызықты «Stand Up» өткізілді.


Шараға келген қонақтар алдымен қала күніне арналған көрмемен танысып, «Кітап сыйла» акциясына қатысты. Мұнан соң фестиваль аясындағы айтулы шара «Dance Battle» заманауи би сайысы болды. Би сайысында жастар екі кезеңмен сынға түсті. Алдымен «Жеке Battle» мұнан соң «Командалық Battle» болды. Жеке battle бойынша 22 жас, ал команда ретінде 15 команда қатысты. Сайысқа «PlusLimit» би студиясының жетекшісі Ан Константин, «Алтын алан» би студиясының хореографы Маханов Дархан, «Qosyl dance» би студиясының жетекшісі Гатаулина Камила қазылық етті. Сайыс қорытындысымен жеке battle бойынша 1 орынды Аманжол Дастан,
2 орынды Пірмағамбет Маржан, 3 орынды Амангелді Меруерт иеленді. Ал командалық battle бойынша 1орынды «Troubles» би тобы, 2 орынды «Orda drive» би тобы, 3 орынды «Golden State» би тобы иеленді. Жалпы сайыс бойфнша жүлде қоры 100 000 тг.

«Battle» соңында жеңімпаздарды қаржылай сыйақымен облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев марапаттады.

Фестиваль соңы қызықты «Stand Up» көңілді кешімен өз мәресіне жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<