Қазақстанда қашықтан оқыту тәртібі өзгереді

456

0

ҚР Білім және ғылым министрінің қашықтан білім беру ережесіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттың толық атауы – «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық. Құжат 2021 жылдың 19 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұйрыққа енген өзгерістер бойынша, бұдан былай білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға толық көшкен кезде процеске қатысушылардың бәрін ақпараттық жүйемен, сабақтардың электрондық кестесімен, журнал және оқу ресурстарымен қамтамасыз етуі керек.

Нақтырақ айтсақ, қашықтан оқытуды ұсыну үшін білім беру ұйымдары мына талаптарға сай болуы керек:

1) оқу қызметін ұйымдастыру үшін интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін телекоммуникациялық арналардың болуы;

2) ақпараттық ресурстарға, цифрлық ресурстарға жедел қол жеткізу құралдарының болуы;

3) оқу-әдістемелік, ұйымдық-әкімшілік ақпаратты, бейнесабақтарды қамтитын ақпараттық жүйенің болуы;

4) «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) сәйкес электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесіне қосылу;

5) білім беру ұйымдарының педагогтерінде ақпараттық технологиялар бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болуы;

6) оқу процесін цифрлық білім ресурстарымен қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ұсынылған ең аз талаптардың сақталуы. Сондай-ақ, құжатта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру қашықтан ұйымдастырылса, қандай талаптар сақталуы керектігі нақты көрсетілген. Ол талаптарды мына сілтемеден көруге болады.

https://www.kazinform.kz/kz/kazakstanda-kashyktan-okytu-tartibi-ozgeredi_a3859761

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<