Қуатты сөзімен қанаттандырды

210

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жол­дауы Қазақстанның Тәуелсіз мем­лекет ретінде қуатын арттыра түсе­тін басты әрі айқын мақсаттарға негіз­де­ліп жасалды. Саяси құжат өзін­дік нақты жоспардан, жарқын бола­шақ­қа бағытталған ойлы мәсе­лелері және бір мүддеге тоғысқан терең түсі­­ніктен тұрады. Президент  еліміз­дің ертеңі үшін өзекті шешімдер қабыл­­­дап, халықты қуатты сөзімен қанаттандырды.

Мемлекет басшысы құзырлы министрлік алдында оқу бағдар­лама­ларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұрғанын айтты. Себебі, пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиім­ділігі төмен екенін көрсетті. сондықтан шұғыл ақпараттық жүйенің сапасын жақсартуды тапсырды.

Сонымен бірге, жағымды жаңа­лық­тарды – биылғы жылы бірнеше оқу­шы халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері атанғанын, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін, арнайы гранттар мен бірреттік сыйақылар берудің маңыздылығын атады. Президенттің дарынды балаларды қолдау туралы айтылған әрбір тапсырмасы өте құнды деп есептеймін. Сыр елінде дарынды, талантты шәкірттерін және олар­дың ұстаздарын қолдау бірізділігі қалып­тасқан. Дегенмен, алдағы уақытта ол шаралардың бұрынғыдан да жан­данатынын атап өткім келеді.

Сонымен қатар білім саласы қызмет­керлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетінін, қабылданған шаралар өз жемісін беріп жатқанын, педагогикалық мамандықтарға оқуға түскендердің орташа балы күрт өскенін айтып өтті. Мұғалімдер шәкірт бойына жаңа білім сіңіре алатын нағыз ағартушы болуы үшін 5 жыл емес, 3 жыл сайын қайта даярлықтан өту қажеттігін атады. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды деп, материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толық­тыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы белгілеген бес бастама негізінде ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келгенін айтып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабыл­дағанын жеткізді. Сонымен қатар мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітап­­хана­шылар, техникалық қызмет­керлер, қорық­шылар, көлік жүргізушілер және басқа да санаттағы азаматтық қыз­меткерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетінін айтты. Нәтижесінде, 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді.

Жолдау – әрбір азаматтық қызмет­кердің кәсібіне деген ынтасын арт­тырып, тиісінше жауап­кершілігін еселей түсті. Президент жетінші шақы­рылымдағы депутаттарға әрбір заң жоба­сының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау қажеттігін, халықтың мүдде­сін қорғау үшін әрдайым табандылық таныту керектігін айтып, жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Елдің болашағын ойлап, қызмет­керлердің материалдық жағдайын жақ­сартып, олардың мәртебесін кө­теру бағытындағы барлық қол­дау­ға қа­тысты шаралардың үздіксіз жүргізіле беруі тиістігін құптаймын. Мемлекет бас­шысының ел үшін жасап жатқан игі ісін бірлесе жалғап, жарқын болашаққа бірге барамыз деп сенемін.

Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА,

облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<