Енді полицейлер зейнетке 63 жаста шығатын болады

1090

0

Кеше ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын хабарлады. Енді 45 жасында зейнетке шығатын полицейлер 60 жасқа дейін жүреді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
– Шынында да, қазір біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Сондықтан әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз. Осыған байланысты жұмыс тобын құрдық,– деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.

Егемен.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<