Кәмелетке толмағандардың құқығы қорғалуы тиіс

952

0

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы бейнеселекторлық байланыс режимінде облыс әкімдігінің «Ахуалдық орталығының» мәжіліс залында өткізілді. Комиссия отырысына облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Ыдырыс қатысты.

Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытындағы  профилактикалық шаралар», «Суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету кезінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмінің іске асырылуы», Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мәдениет және өнер мекемелеріне қолжетімділігі туралы», «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың  есебі», «Қызылорда облысының полиция департаментінің  ұсыныстары» тақырыптары қаралды.

Облыстағы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың орны алу себептері, қазіргі ахуал, атқаруға тиісті ұсыныстар бойынша  облыс прокурорының бірінші орынбасары                      Т. Әлібаев талдау жасады.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Е. Жукашев   кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған есептегі адамдар туралы мәліметтерді жариялау және оны жариялаудан алудың тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ,  суицид мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов хабарлама жасады.

Комиссия отырысында қала, аудан әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.  Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<