Мемлекет басшысы: Бейбіт жиналыстарға ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ

211

0

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтты.

«Кейбір көпбалалы аналар заңсыз ереуілге шығып, қоғамдық тәртіпті бұзады. Бірақ аналарға қандай құрмет көрсетілсе, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі де сондай жоғары». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев митингтерге қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24». Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ел азаматтарын митингтер туралы заң талаптарын сақтауға шақырды. Ал Бас прокуратураға заңды түсіндіруді жалғастыратыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–  Біз қоғамымызда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезіну керек. Кейбір көп балалы аналарымыз заңсыз ереуілге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзуда. Қазақстанда бейбіт жиындар туралы заң қабылданды. Бұл – демократия жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиындарға, демонстрацияларға ешкім кедергі келтірмейді. Заңда бәрі жазылған. Тіпті ресми рұқсатты алудың қажеті жоқ. Оларды өткізу үшін хабарлама жеткілікті. Бірақ кейбір азаматтар бұл кішігірім талапты бұзуға болады деп санайды. Мен мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<