Ауылдастарына үй салып берді

1959

0

Қазалы ауданындағы Қ.Пі­рімов ауылының жастары мүм­кіндігі шектеулі ауылдас­тарына үй салып берді. Баспананы тұрғызып қана қоймай, оның ішін қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етті.

Ауыл тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Орысбай Наухан­баев­тың ауласын жыл сайын су басып қалатын. Биылғы көк­темде жауған жаңбыр суы үй ішіне дейін жайылып, баспана жарамсыз күйге түскен. Бұл жағдайға ауыл азаматтары бей­жай қарамай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жаңа үйдің іргетасын қалауды бастап кеткен еді.

– Өткен жылы Орысбай ағамызға үй салу туралы ше­шім қабылдағанбыз. Оған қа­йырымды жандар көмек қо­лын созды. Небәрі 3 күннің ішінде қомақты қаражат жи­налды. Қайырымдылық шара­сына ауылдың үлкен-кішісі де, сырттағы ағайындар да ат­салысты. Үйдің іргетасын құю­дан бастап, кірпішін қалау, шатырын жабу, сыртын сылап-әрлеу жұмыстарына дейін ау­ыл­дың жігіттері атқарды, – дейді №92 мектептің мұғалімі Сәбит Ықыласов.

Игі істің арқасында О.Нау­ханбаевтың отбасы жақында жы­лы да жайлы, заманауи құ­рылыс материалдарымен са­лын­ған үйге көшті.

– Мен туғаннан ІІ топ мү­гедегімін. Жарым да – мүм­кіндігі шектеулі жан. Өзіміздің үй салуға шамамыз келмеді. Жыл сайын ауламызды су ба­сып, үйіміздің қабырғалары сө­гілетін. «Әрі қарай не болар екен?» деп ойланып жүргенде, ауыл азаматтары демеу болды. Оларға алғысым шексіз, – деді ол.

Мұнан бөлек, Қ.Пірімов ауылының азаматтары тағы бір отбасына көмек қолын созуда. Мүмкіндігі шектеулі Бектілеу Ізтілеуовтың үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қайырымды жандар үйдің еденін, терезесін және шатырын толық ауыстырып, ішкі-сыртқы сылақтарын түсіріп, қайтадан сылады.

Қиындыққа тап болған отбасыларға жақсылық жасап, жанашырлық танытқан ауыл азаматтарының ісі – көпке үлгі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<