Жаңа жыл жақсылығы нәсіп болсын

888

0

Жылдың он екі айы да қасиетті, алайда, ақындар айтқандай, «төрт мезгілдің тұңғышы» көктемнің, әсі­ресе наурыздың адам үшін де, таби­ғат үшін де жүзі жылы, жүрегі ыстық.

Наурыз мерекесіндегі салт та, дәстүр де – біздің ұлттық дүние­мізбен бітеқайнасқан үрдіс. Біз бұл күні ағаш көшеттерін егіп, айна­ламызды айнадай қылып таза­лаудан бастағанбыз. Қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қал­сын» дегенді бекер айтпаған. Мал – бір күннің асы, тал – мың күннің саясы. Наурыз мерекесінің негізгі төркіні жаңғыру, жасару мезетіндегі тіршілікті түлету болса, сол күнді ән-жырмен, әсем күймен қарсы алып, жеті дәмнің қасиетін ырымдап, наурызкөже пісіру осы күннің шырайын аша түскен. Бұл күні барша жұрт бір-біріне «Бақ-береке орнасын, Қыдыр болсын жолдасың»  деп ең жақсы тілектерін арнаған.

Мереке баршамызға берекесімен келсін. Ауырмаңыздар, әлемдік пандемияға ұласқан дерттің беті қайтып келе жатқанына қуанамыз. Сиыр жылы саулық, амандық жылы болсын. Әрбір отбасына Алланың шапағаты жаусын, жаңа жылдың жақсылығы әрқайсымызға нәсіп болсын.

Нартай ТҰРСАНОВ,

халық емшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<