Қазақстандағы әскерилер үшін модульді үйлер салынбақ

470

0

Қазақстандағы әскерилер үшін модульді үйлер салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында модульді тұрғын үй құрылысы ескерілген.

«Біріншіден, модульді тұрғын үйлер пайда болады және олар тиісті стандарттарға сәйкес келеді. Осы нысандар қызметтік баспана ретінді беріледі, сондай-ақ мобильді болады. Мұндай тұрғын үйлерді басқа жерге тасымалдау мүмкіндігі жасалады. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысында көптеген жаңа технологиялар шығып жатқанын білесіздер. Бұл үйлер тез салынатын, тасымалданатын нысандар және олар үш бөлмелі баспана үшін қарастырылған барша нормаларға сай болады. Қажетті коммуникациялармен жасақталады», – деді Д. Тұяқов

Мәжіліс ғимаратында тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, заң жобасында қажеттіліктер аясында Қорғаныс министрлігі осындай модульді үйлерді әскерилер үшін сатып алуы мүмкіндігі ескерілген.

«Әскери қызметшілеhдің өзінің отбасымен бірге бір өңірден басқа өңірге жинақы ғана қоныс аударатын жағдайлар болады», – деді министрдің орынбасары.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<