Ресейдің екі тұрғыны Қазақстанға темекі қоспаларын заңсыз тасымалдап келген

272

0

Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Ресейдің екі азаматы 2022 жылдан бері Қостанайға Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған темекі қоспаларын, темекі шегуге арналған электронды құрылғыларды жеткізумен айналысып келген.

Бұл туралы Kazinform Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбасы жоқ, құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б.Рябчиков пен Г.В.Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті әшкерледі», – делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар Қазақстанға темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауар түрінде кіргізген.

Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.

35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық департамент қызметкерлері тұтқындады.

Сот үкімімен А.Б.Рябчиков пен Г.В.Лейкин кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді.

«ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңба болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<