Алматылық өнертапқышқа Microsoft және NASA агенттігі қызығушылық танытып отыр

371

0

Алматылық өнертапқышқа Microsoft және NASA агенттігі қызығушылық танытып отырАлматылық өнертапқыштың инновациялық жұмыстарына Майкрософт және НАСА агенттігі қызығушылық танытып отыр. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Тимур Рыспеков америкалық алпауыт компанияларға арнап, түрлі компьютерлік бағдарламаны әзірлеуді бастап кеткен. Ал жобада ғылым саласында жеңімпаз атанған химик Диас Тастанбеков жас ғалымдардың санын арттыруға септеспек. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Еліміздің тарихындағы ең жас өнертапқыш Тимур Рыспековтың роботы күзет жүйесінің міндетін атқара алады. Онда орнатылған камераның мүмкіндігі жоғары. Дарын иесінің құлтеміріне тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдік сарапшылардың қызығушылығы жоғары. Оның тағы бір жұмысы – қоршаған ортаны талдауға арналған. Бұл робот тұтастай бір метеорологиялық стансаның қызметін жасайды. Оның туындылары тек отандық ғалымдар ғана емес шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған.

«АҚШ-тың NASA агенттігінің жүйесіне арнап түрлі талдаулар жүргіземін. Өзімнің өзге де жобаларымды NASA spay challenge-де ұсындым. Одан бөлек, халықаралық тау-кен рудасы компаниясына арнап түрлі қосымша дайындап жатырмын. Одан бөлек, ата-аналарға балаларының компьютеріне бақылауы үшін, канадалық білім бағдарламасына арнайы қосымша әзірлеудемін»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков.

Тимур мектеп қабырғасында оқып жүріп, 50-ге жуық жоба ойлап тапқан. Соның ішінде 28-іне патент алған. Ол бала кезінен есепке жүйрік, математиканы жақсы игерген. Ерекше қарым-қабілетімен қаршадайынан көзге түскен жігіт информатика мен физика пәндерін де жетік меңгереді. Ал қазір Майкрософт компаниясының тапсырысымен арнайы бағдарлама жасап жатыр.

«Бұл жоба сурет және видео файлдарының презентациясына арналған. Absolut Viewer бағдарламасы жадты үнемдеп, көп ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Тобымда жалпы 3 адам бар»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков.

Ал химик Диас Тастанбековтың жобасы ауыл шаруашылығы саласында берер пайдасы мол. Яғни өсімдікті топырақсыз өсіруді қолға алған. Олардың тамырына барлық қажетті нәрлі заттары бар сұйықтық шашылып тұрады. Әдетте топырақта өскен өсімдікке түрлі зиянкестер әсерін тигізбейді. Тың әдіс арқылы жоғары сапалы өнімді алуға болады. Оған қоса, барлығы автоматтандырылғандықтан, қосымша жұмыс күшінің де қажеті жоқ.

«Бізде аэропоникалық 30 қондырғы болса, ол 30 қондырғы 150 шаршы метр орын алады. Бірақ осының бәріне бір-ақ адам қажет. Қалғанының барлығын интернет арқылы, компьютер арқылы жұмыс істей береді. Басты мақсатымыз ол күніге тұрақты 30 келі өнім алу. Осы мақсатқа қазір жетудеміз. Сол мақсатқа жеткеннен кейін нарыққа толығырақ шыға береміз. Қазір бізде өнім бар. Бірақ біз оны сатпауға тырысамыз»,-деді химик Диас Тастанбеков.

Диас Тастанбеков аэропоника әдісінен бөлек, өзге де жобаларды іске асырмақ. Яғни, зымыран модельдеу бойынша білім беру орталығын ашпақ ниетте. Осы арқылы жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Орталық өз жұмысын күз айында бастамақ.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<