Ғалымдар құрсақтағы балаларға қандай әуен жағатынын анықтады

322

0

Испания психологтары 18 бен 38 апта бойы құрсақта жатқан 300 баланың қандай музыкаға әуес болатынын дәлелдеп шықты деп хабарлайды detstrana.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ

Анықталғандай, балалардың көбі классикалық музыкаға ден қояд екен. Ғалымдар зерттеу барысында жүкті әйелдерге әр түрлі бағыттағы 15 түрлі туындыны тыңдатқан.

Белгілі болғандай, құрсақтағы балалар Бетховен, Бах, Моцарт пен ұлттық музыкаға ден қойған. Ал ең жаманы – Шакира, Адель мен Bee Gees әндеріне назар аудара алмаған. Ғалымдар құрсақтың әуенді жақсы қабылдайтындығына көздерін жеткізді. Олардың пайымдауынша, әсерлі әуендерді тыңдау құрсақтағы баланың тілі мен сөйлеуіне әсер ететін қолайлы аймақ қалыптастырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<