Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты тергеу аяқталды

605

0

Фото: qaz365.kz

Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген әкенің қылмысы бойынша тергеу аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.

ҚазАқпараттың жазуынша, сотқа дейінгі тергеу прокурордың қарауына жіберіліп, содан кейін сотқа жолданады.

«Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді», – деп мәлім етті Маңғыстау облысының Полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынауданда 36 жастағы ер адам жеті, тоғыз және он екі жастағы үш баласын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<