
Сабина Ақтау қаласының №5 орта мектебінде оқиды. Оның айтуынша көше бойында тұрған кісіні жиі көреді екен. Ылғи мұқтаж күйде көргендіктен еш жасқанбай қайырымдылығын жасауға бел буыпты.
«Мен ол кісіге ақша бердім, өйткені оның қарны ашқан шығар деп ойладым. Мен ол кісіні күнде көремін. Сосын мен одан қорықпаймын», – дейді Сабина Ерғалиқызы.
Сынып жетекшісінің айтуынша, Сабина тәртіпті, сабақ үлгерімі жақсы оқушылардың қатарында. Көп ішінен қолындағы барымен бөлісетін ақкөңілділігімен көзге түскен.
«Менің қызым істеген жақсылығы туралы әлеуметтік желілерде көріп, таңқалдым. Бірақ бүкіл Қазақстанға тарап кетеді деп ойламадым. Өте қуаныштымын, мақтанамын. Негізі ақшасын планшетке жинап жүрген.
Мен берген ақшаларын жаратпай жинап жүрген. Сол ақшаны жағдайы мүшкіл адамға бергісі келіп шешкен екен», – анасы Динара Қарабалина.
Оқушының ата анасы да мұқтаж жандарға көп көмектеседі екен.