Атамқұлов «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік әскерилер шығарылуы мүмкін екенін растады

215

0

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов ресейлік әскерилер шынымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Рас, РФ-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік әскерилерді шығару мәселесі қарастырылуда. Алайда біз аталған мәселе бойынша екіжақты келіссөздер жүргізген жоқпыз. Дегенмен бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде», – деді Б. Атамқұлов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Министр бұл шешімнен Қазақстан қандай басымдықтарға ие болатынын атап берді.

«Бұл істіңде өзінің артықшылықтары бар, мәселен коммерциялық жобаларды тарту мүмкіндігі туындайды. Бүгінде әлем бойынша коммерциялық орта өте тиімді болып барады, себебі әлемде мыңдаған жер серіктері өзінің іске қосылу қызметін кезектеп күтуде », – деді Б. Атамқұлов.