Ақын ұлағаты

639

0

Қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдас­тыруымен Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен І республикалық  «Абай жаққан бір сәуле» атты жас ақындар мүшәйрасында қаладағы №212 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Айзере Серік ІІ орынды иеленді.

Ұлы ақынның рухани мұрасын жас дарындардың санасына сіңіріп, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптас­тыруды мақсат еткен осынау шараға 300-ге жуық жас өрен қатысып, бақ сынады.

Ақын мұрасын бала күнінен жаттап өскен, шығармашылық қабілеті жоғары оқушылар Абай атасының «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз…» деген сөзіне терең мән берген сынды. Ұшқыр ойын шағын жыр шу­мақтарымен жеткізе білді.

– Өлең жазуға бала кезден әуес Айзеремнің бұл алғашқы байқауы, сондықтан сәл қобалжудың болғаны рас. Алайда біз оны жеңе білдік, – дейді немересін жыр сайысына жетелеп жүрген атасы.

Расында, Ай­зере сыныбын­да  үздік оқу­шы. Абай атасының өлеңдерін жатқа оқи­ды.  Байқауда  өз шы­ғар­машылығынан  «Абайға арнау», «Ту­ған жерім – тұғырым» өлеңдерін оқып, марапатқа  ие болып, ­ата-анасының, ұстаздарының  үмітін ақтады. Талапты оқушының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжайна Әбуова: «Айзеренің келешегінен көп үміт күтеміз», – дейді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<