
Қиындығымен қоса үлкен жауапкершілікті талап ететін құқық қорғау саласында ер азаматтармен бірге иық тіресе жүріп қызмет атқару қыз баласы үшін оңай шаруа емес екені анық. Алайда, өзіне тапсырылған қызметтік міндетті абыроймен атқарып, ұжымдастары арасында ерекше құрметке ие бола білген Райхан Әбілханқызы жұмысымен қатар жанұясын да назардан тыс қалдырған емес. 2002 жылы жүрек қалауымен Ғазиз Баймағамбет Нұртайұлы мен шаңырақ көтеріп, бүгінде 3 қыз, 1 ұл баланы дүниеге әкелген сүйікті жар, аяулы ана, ибалы келін. Абай Құнанбаевтың «Адамның адамшылдығы –ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан» – деген қанатты сөзін өмірлік ұстаным еткен кейіпкеріміз ұстаздарынан алған тәжірибесі мен қызметтің қыр-сырын өзінен кейінгі жас мамандарға көрсетуден жалыққан емес.

Мекемеде 15 жылдан аса абыройлы қызмет атқарып келе жатқан білікті маманның алған марапаттары мен жеткен жетістіктері де жетерлік. Айталық кеше ғана 8 – наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған Райхан Әбілханқызын мекеме ұжымы шын жүректен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.
А.Бакирова,
ЗК-169/5 мекемесінің
мемлекеттік тілде аудармашысы
ЗК-169/5 мекемесінің
мемлекеттік тілде аудармашысы