Дәстүрлі Достық фестивалі өтті

359

0

Фото: «Қоғамдық келісім» КММ

Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы ұйымдастырған «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.

Дәстүрлі фестивальге облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Мәскеу қаласы мен Алматы облысының арнайы қонақтары, әскери қызметшілері, қала тұрғындары қатысты.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай құттықтау сөз сөйлеп, «Славяне» орталығына достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Фестивальде славян орталығымен тығыз жұмыс істейтін мектеп оқушылары мен студент жастар, вокалдық топтар, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары достық, бірлік және бейбітшілік тақырыптарында түрлі халықтардың билері мен әндерін орындады. Белгілі ертегілер мен фильмдер негізінде көріністер қойылды.

Шара соңында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова фестивальдің барлық белсенді қатысушыларына алғысын білдірді.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<