Депутат той көйлегінің ашық-шашық болуына тыйым салуды ұсынды

360

0

Әзірбайжанда депутат Жаля Алиева тойдағы қалыңдық көйлегінің ашық-шашық болуына тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Той алдында жас жұбайлар не себепті вальс билеуді әдетке айналдырғанын түсіне алар емеспін… Бұзуға болмайтын құндылықтар бар емес пе?», – дейді депутат.

Ол бұл құндылықтарды қорғау үшін цензураны міндетті түрде қолдану керектігін алға тартты.

«Неге менің балаларым немесе кез келген әзірбайжандық той залына вальс билемей, ұлттық би билеп кірмейді? Біздің қалыңдықтар – пәктік пен тазалықтың нышаны. Неге қалыңдық көйлегін ашық-шашық етуді доғармаймыз?

Мені бұл сөздерім үшін сынайтындарына сенімдімін. Дегенмен бұл әлдеқайда әдемі көрінетініне сенімдімін», – дейді депутат.