Халық алғысы

974

0

Халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде» деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайтыны белгілі. Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты көмектескен халық қалаулыларына облыс тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.

Соның бірі жолдасы 3-топ мүгедегі, бес баланың анасы, қала тұрғыны Динара Молдахожаева облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисеновке өтініш хат жолдап, онда өзінің жанұясындағы қазіргі қиын жағдайды баяндап көмек сұраған. Мәслихат хатшысы Қ.Бисенов аталған өтініш бойынша депутат Аманкелді Арысбаев, Темірхан Кенжебаев, Әбдімәжит Жансақалов, Темірхан Әлімқұлов сияқты қайырымды ел азаматтарының басын біріктіріп, жұмысын ұйымдастырды.

Қол ұшын созып, бірліктің мызғымас үлгісін көрсете білген депутат Аманкелді Арысбаев азық-түлікпен, депутат Темірхан Кенжебаев, Әбдімәжит Жансақалов, Темірхан Әлімқұлов қаржылай көмек берген.

Өтініш беруші Динара Серәліқызы халық қалаулыларының қызметіне абырой, дендеріне саулық, елдің ілтипаты мен құрметіне бөленуін тілеп, шынайы ризашылығын білдірген хатын жолдады.

Ел азаматтарының халқына деген қайырымдылық көмегі әрі қарай да жалғасын таба берері сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<