Крещендік суға қалай түседі?

434

0

Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Крещение мерекесі аталып өтіледі. Жүздеген православтық бұл күні су көздеріне барып, суаттарға, ойықтарға шомылады. Сенімдерге сәйкес бұл күні су барлық күнәлар мен сырқаттарды шаяды.  Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде суға түсуге әуесқой адамдарға төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді.

суға түсуге тек қана осы Крещендік шомылуға арнайы жабдықталған жерлерге баруға;

суға сүңгу алдында қысымды өлшеуге кеңес береміз, сүңгуге жайлы эмоциялық күйде болғанымен, суға түсер алдында сақтық шараларын сақтаған жөн. Өйткені, арнайы дайындықсыз және денені шынықтырусыз мұзды суға түсу түрлі сырқаттардың асқынуына алып келу мүмкін. Жоғары артериялық қысымда тамырлардың жиырылу қауіпі жоғарылайды, сонымен қатар микроинсульт болуы да мүмкін, ал егер қысым төмен болса, сіңір түйіліп, құрысу, суда естен тану қауіптілігі жоғары;

суға сүңгу алдында спирттік ішімдіктер ішуге болмайды, өйткені ішімдік тез арада дененің салқын тиюіне  алып келіп, жүрекке артық салмақ түсіреді;

денені бірте-бірте ақырындап суыту қажет: ең алдымен жоғарғы киімді шешіп, бірнеше минуттан соң – аяқ киімді, содан соң белге дейін шешініп, суға жайлап түсу қажет;

суға түсер алдында денені кез-келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылау қажет:

суда екі минуттан артық тұруға болмайды;

содан соң сүлгімен сүртініп, жылы ғимаратқа баруға асығыңыз.

 Крещендік суға шомылу кезеңінде мұзға шығу кезінде сақ болу қажет, ойыққа топ болып шығу қауіпті, мұздың қалыңдығы әр түрлі болуы мүмкін және онда аса сақ болу қажет екенін тұрғындардың есіне саламыз.

 Мұз жамылғысының бұзылуының алғашқы белгілері кезінде тыныштықты сақтау, үрейленбеу, тез, бірақ мұзға абайлап барып, қауіпсіз жерге шығу қажет. Егер сіз әлі де суда қалып қойсаңыз, қолыңызды кең жайып, басты көтеріңіз, мұздың шетіне тартылудың қажеті жоқ. Оны қолмен ұстаңыз, мұзға алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты, содан кейін баяу жылжыңыз немесе қауіпті жерден әрі қарай жылжыңыз.  Мұз астына түсіп қалған адамға көмектесіп, оған белбеу, шарфты, таяқшаны, басқа да қол астындағы заттарды беріңіз, ұқыпты болыңыз, өзіңіз тұрған жерде мұздың құлап кетпеуін қадағалаңыз.

Қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтаған сәтте ғана зардап шекпейтініңізді ұмытпаңыз.

Қызылорда облысы ТЖД 

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<