\»Өлгеніне 6 ай өтпей жатып күйеуге тиіп алыпты\»: Қызылордалық жігіт анасына ренжимін деп маскүнем болып кеткен

422

0

Отандық бағдарламаға Қызылорда қаласынан Малика есімді келіншек келген. Айтуынша, сүйіктісі арақты судай сіміреді. Қой дегендермен ерегіседі, ішіп алып үйінен кетіп қалады. Сөйтіп айлап үйге келмейді. Ең сорақысы – маскүнем күйеудің жасы небәрі 26-да, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Өзім арақты қойғым келеді. Менің қызым бар, отбасыма қараймын дегендей. Сонымен үйден ешқандай қолдау болмады. Әйтпесе, ағамның ағайын-бауырлары көп. Кеше ішкенім рас, бірақ бүгін ішпедім. Ішкен кезімде зияны жоқ адамдарға тиіспеймін. Басым дым істемей қалады. Мастығым тараған соң ешнәрсе есіме түспейді», – деді Самат.
Әрі қарай ол 2009 жылы анасының өзіне айтпай тұрмысқа шығып алғанын айтты. Осы орайда дені сау ер-азамат төрт баласын тастап, жесір қалған әйелді алмайтынын жеткізген. Айтуынша, өгей әкесі үйге келген соң, өзіне «қожайын» бола бастаған.
«Үйде небір әңгіме болды. «Сенің балаң адам болмайды» деді. Өз баласына жауап бере алмаған адам маған қалай жауап берсін?! 2009 жылы атам қайтыс болды. Мен атамның қолында тәрбиелендім. Шешем маған қараған адам емес. Алты ай өтпей жатып тығылып күйеуге шығып алды. Бір күні үйге әдейі таңертең сағат 6-ға 15 минут қалған кезде бардым. Екеуі бірге екен», – деді ер адам.
Осы жағдайдан кейін Самат ішімдікке салынып кеткен. Алғашында сырадан бастап, кейін араққа ауысқан. Ол өгей әкесінің туысқан ағасы екенін айтады. Оның үстіне –  бір рудан.
«Мен сізге еркелейтін шығармын. Мені кешіріңізші» деп айттым ол кісіге. Сөйтсем «Сен маған бала болмай-ақ қой. Сендей бала маған керек емес, мен саған әке болмаймын» деді. Ал туған әкем өзім 3 жаста болған кезде 5-қабаттан құлап көз жұмған. Өз әкем тірі болса, жұрттан сөз естігенше, өз әкемнен сөз естігенім артық еді», – деп кейіді ер адам.
Сондай-ақ, ол өгей әкесінің кенжесі өзінің сыныптасы болғанын тілге тиек етті. Кезінде екеуі төбелесіп, Самат сол үшін мектептен шығып қалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<