Мемлекеттік қызмет принциптері

4157

0

Мемлекет басшысының саяси еркі мен жаһандық бастамаларының арқасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс жүзінде жүзеге асы­рылуына және институционалды реформаларына, Қазақстанда қазіргі заманғы жаңа сұрауларды шешуге жағдайлар жасалды.

Президент алдағы онжылдыққа елді дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырудың басты міндетін қойды. Ол үшін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы жүргізіледі.

         Қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекеттік қызмет жүйесі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «қоғамға қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаттарына негізделеді:

         1) заңдылық;

         2) қазақстандық патриотизм;

         3) мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

         5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;

         6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;

         7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;

         8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;

         9) меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;

         10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;

         11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;

         12) мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;

         13) әдептілік;

         14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

         15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

         16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;

         17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;

         18) мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;

         19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;

         20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы;

Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

Осылайша, мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.

Н. Ительгиева,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің

 әкімшілік бөлімінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<