Облыстық қорғаныс істері департаменті экс-бастығына қатысты сот өтіп жатыр

383

0

Шымкент гарнизоны әскери сотында Қызылорда облысының бұрынғы қорғаныс істері департаменті бастығы мен оның үш қызметкерінің қылмыстық істері қаралып жатыр. Уақытша тергеу абақтысына қамалған департамент басшысы  алаяқтық жасағаны және бірнеше рет пара алғаны  үшін айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Әскери қызметші ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен ұсталған болатын. Ол кезде  департамент басшысы  600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Яғни, 2017 жылдың қараша-желтоқсан айлары арасында қол астындағылардан жүйелі түрде 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алды деп айыпталған. Ақшаны қарамағындағыларға  әскери атақ алып беру үшін және тәртіптік жауапкершіліктен босату үшін алғаны белгілі болған. Қылмыстық іс бірнеше айға созылып, сезіктінің сыбайластары да анықталды. Үш әскери қызметкер де Қылмыстық кодекстің  парамен байланысты  баптарымен айыпталып отыр.  
«Қылмыстық іс бойынша қорғаныс істері департаментінің тағы үш қызметкері пара берген және пара алуға көмектескен деп айыпталып отыр. Қазір бұл күдіктілерге қатысты тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс үш баппен сотқа өтті. Сот отырысы судья Бөрлібай Каюповтың төрағалығымен қаралуда», делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<